8.03.2023, 22:24
Оқылды: 156

Алдараспан - Сырымда!

Кеше Сырым ауданына мереке қарсаңында мерекелік жаңа бағдарламасымен “Алдараспан” театры арнайы келді.

image-08-03-23-09-53

Танымал актер, “Алдараспан” әзіл-сықақ театрының директоры Нұржан Төлендиев бастаған ұжымның әзілдерін тыңдап, әртістерін көру үшін залға жиналған халықтың санында шек болмады.

image-08-03-23-09-53-4

Әзіл-сықақ театры бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтыған әзілдерді сахналап, әсем әндерімен көрермендерін тәнті етті.

Көңілді кеште апалы-сіңлі Тілеубердиевалардың “Әдемі-Ай” дуэті де әдемі әндерін шырқады.

image-08-03-23-09-53-9

 

image-08-03-23-09-53-2

Кеш соңында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Алдараспан ұжымына аудан халқы атынан алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

Сырымдық әзіл сүйер ағайын сүйікті әртістерімен естелік суретке түсіп, дән риза күйде тарқасты.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале