Шыңғырлаулық Саин Алдияр жақында өткен республикалық турнирде бірінші орынды иеленді. 2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан өткізілген турнирде Алдияр ептілік танытып, мықтылығын тағы бір дәлелдеп отыр.
Жалпыкомандалық есеп бойынша БҚО дарынды балаларға арналған мектеп-интернат дзюдошылары бірінші орынға ие болды.
Алдияр әуелі кішкентайынан Шыңғырлау аудандық БЖСМ самбо бөлімінде жаттығып, содан кейін облыстық олимпиадалық резевтер даярлайтын "Жекпе-жек' спорт мектебінде самбо бөлімінде жаттығады. Қазіргі таңда спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің 9-сыныбында оқиды.
Алдияр осы күнге дейін де талай жеңістерді қанжығасына байлап жүрген дарынды жігіт. Жерлесімізге болашақта сәттілік тілеп, бағындырар шыңы көп болсын деп тілейміз.
А.Лепес,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz