26-29 тамыз күндері Алматыда қол күресінен 44-інші әлем чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 49 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы бақтарын сынаған.
Қазақстанның қайсар да қайратты ұландары еліміздің намысын абыроймен қорғады. Солардың қатарында жерлесіміз Ержан Ерболатұлы жастар арасында сайысқа түсіп, қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, бесінші мәрте әлем чемпионы атанды.
Бекжан Қойшекенов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz