Сырым ауданының Бұлдырты ауылындағы еркін күрес мектебінің мықтылығын тек өңір не республика емес, тұтас әлем де мойындай бастағандай.
2022 жылдың 3-8 қазан күндері Болгарияның Пловдив қаласында еркін күрестен өткен ардагер спортшылар арасындағы ғалам жарысында жерлесіміз, бұлдыртылық Нұрлан Бекжанов 70 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Нұрлан украин және қазақ балуандарымен болған белдесуді өз пайдасына шешіп, финалдық кездесуде америкалық Рис Хамфримен (Reece Humphrey) жолықты. Хамфри - АҚШ-тың ұлттық чемпионы, әлемге аты әйгілі спортшы. Бірақ Нұрлан Бекжанов сыралғы қарсыласын қапысын тауып, алып ұрып, 2:6 есебімен жеңіске жетті.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz