Шыңғырлау аудандық жасөспірімдер мен спорт мектебі шәкірттері үшін есте қаларлық тағылымды шара өтті. Олимпиадаға екі мәрте қатынасқан, әлем чемпионы болған әйгілі былғары қолғап шебері Галиб Жафаров балғын боксшылармен кездесті.
Белгілі бапкер А.Пятиннің шәкірттерімен өткізілген кездесуде аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұханбетов арнайы келген мейманға рахмет айтып, спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне табыс тіледі. Әлем чемпионы боксшылар жаттығуларын тамашалап, риза болды.
Кездесудің қызығы рингке Галиб Жафаровтың шыққан кезінде арта түсті. Шыңғырлау бокс мектебінің шәкірттері әлем чемпионынан сабақ алып, атақты боксшымен қолғап түйістіру мүмкіндігіне ие болды. Бұндай кездесу күнде бола бермесі анық.
- Мен Шыңғырлауда бірнеше рет болдым. Маған сіздің боксшылардың еңбекқорлығы, батылдығы, шеберліктері қатты ұнады. Ал, бапкер А.Пятиннің еңбегіне ризамын,-дейді әлем чемпионы Г.Жафаров.
А.Шотпанов
zhaikpress.kz