Шыңғырлау ауданында «Әлемнің жарығын сыйладың, сен маған!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Көрікті көктеммен бірге келетін, сұлулық пен сымбаттың мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аяулы арулар, ардақты аналар мен асыл әжелерге арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті.
Кештің шымылдығы аудандық балалар музыка мектебінің оқытушылары Айдос Исекенов, Мирас Мукаримовтың және «Гәкку» балалар хорының орындауындағы «Ана» әнімен ашылды. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз сөйлеп, барша көрерменді мерекемен құттықтады.
Концерт қыздарға, аналарға, апа-әжелерге арналған әсем әндермен, әдемі билермен жалғасын тапты. Кеш бойы көрермен қошеметтерін жаудырып, қолдау көрсетіп отырды. Шара соңында риза болған халық ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп жатты.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы