26.10.2021, 15:40
Оқылды: 79

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін құттықтады

Еліміздің кәсіби мерекесі қатарындағы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Осы мереке қарсаңында Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

21

-Біздің қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты халықты әлеуметтік қорғау деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты. Әлеуметтік жұмыстың салмағы өзгеге білінбейтін, біліктілікпен бірге кең жүректі қажет ететін күрелі сала.Сіздер адал еңбектерің мен егде жастағы адамдарға қамқор болып, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға және көп балалы отбасыларға құнды көмек көрсетіп келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке тілеймін,-деді Азамат Сафималиұлы.

Сондай-ақ аудан басшысы жоғары кәсібилік, әлеуметтік-еңбек саласына елеулі үлес қосып, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек етіп келе жатырған әлеуметтік қызметкерлер Гүлзада Еслямова, Айгүл Елеуова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Райгүл Тастенова, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Зухра Давлетчина, аталған орталықтың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бөлімшесінің ассистенті Жанаргүл Хамитова, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бөлімшесінің консультанты Қайырбек Жұманиязовқа алғыс хаттар табыстады.

200

Сондай-ақ «Қызмет» БҚО мемелекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлейменнің құрмет грамотасымен әлеуметтік қызметкер Ләззат Досболатова мен халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Мақсот Нажимовты марапаттады.

Ә. Қуанғалиева,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале