Облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдар қатарындағы Казталов ауданы Көктерек ауылы мемлекет қамқорлығына бөленіп, жыл сайын жаңарып, жақсарып келеді.
Сөзіміздің дәлелі ретінде күні кеше ғана ауылдағы әлеуметтік нысандардың көгілдір газ қосылғанын мақтаныш сезіммен жеткізуге болады.
- Бұл жаңалық — ауыл халқын үлкен қуанышқа кенелдіргені рас. Шынында да осы күнді тұрғындар ұзақ күтті. Міне, бүгін ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында әлеуметтік нысандар қатарындағы орта мектеп, интернат, Мәдениет үйі, әкімдік, ФАП, мұражай ғимараты «АрАй-NS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тиянақты жұмыстануымен газ қосылды. Ел игілігіне қызмет етер бұндай жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, - дейді ауыл әкімі Бақытжан Есенғалиев.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы
zhaikpress.kz