Жұмыс сапарымен Жақыбай ауылына келген облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы сапар барысында әлеуметтік осал топтарға арналған екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Қазіргі уақытта ауылда аталған санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше тұрғын үй салынып жатыр. Әкім нысандардың құрылыс қарқыны мен сапасына ерекше назар аударып, жауапты мердігерлерге бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау – басты міндеттердің бірі. Бұл үйлер – осы бағыттағы нақты қадам", – деді Нариман Төреғалиұлы.

Жергілікті тұрғындар әкімге көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыстарын білдіріп, аталған бастаманың ауыл үшін маңыздылғын айтып жатты.
Бану Самат,
Жәнібек ауданы