20.03.2024, 16:30
Оқылды: 75

Әлеуметтік сала ұлыстың ұлы күнін тойлады

Биыл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев наурыздың ерекше етіп, 14-23 наурыз күндері тойлап, онкүндікті «Наурызнама» деп атауды ұсынды.

IMG-20240320-WA0171

Күн сайын жаңа жыл мен көктемнің басталуын бейнелейтін, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мереке ұйымдастырылуда. Әрбір күні өтіп жатқан шаралар легін тұрғындар жылы қабылдап, жалғастыруда. Онкүндікке әлеуметтік сала қызметкерлері мен қызмет алушылары да белсенді қатысып келеді.

IMG-20240320-WA0172

Бүгін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен қызмет алушылар мен балаларға арналған  дәстүрлі Наурыз тойы ұйымдастырылды.

IMG-20240320-WA0174

Мерекелік шарада балалар саз мектебі концерттік бағдарлама ұсынса, «Қайсар» спорт клубы арқан тартыс және қол күресінен тартысты ойын өткізді. «Жетікөл» жеке кәсіпкерлігі балаларды атқа мінгізіп, серуендетті.

Ақшаңқан киіз үй тігіліп, үлкендер мен балаларға көже, бауырсақ, ыстық тамақпе дастархан жайылды.

Ұлыстың ұлы күніне арналған шара соңында барлық қатысушыларға демеушілерден ұсынған тәттілер салынған Наурыз қоржын таратылды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20240320-WA0173 IMG-20240320-WA0183 IMG-20240320-WA0204 IMG-20240320-WA0244

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале