26.05.2023, 15:15
Оқылды: 14

Әлеуметтік жәрмеңке өтті

Бүгін Жаңақала аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Достық алаңында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында және гүл көшеттерін, құс балапандарын делдалсыз ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсыну үшін ауылшаруашылық өнімдерінің әлеуметтік жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті.

IMG_2569

Шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, БҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Аграрлық несие корпорациясы» БҚО бойынша филиалы, «КазАгроҚаржы» акционерлік Қоғам филиалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Акционерлік Қоғам және «AQJAIQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері қатысты.

IMG_2597

Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы жәрмеңкені аралап, танысты. Жәрмеңкеде ауылдық округтерден ет, сүт (айран,қымыз,қаймақ, май, құрт,сүзбе), балық өнімдері  және көшет гүлдері сатылымда болды. Ауылдық округ әкімдері көмек алушы отбасыларға демеушілік білдірген шаруа қожалықтарының сертификатын табыс етті.

Әрі қарай мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале