30.01.2017, 19:09
Оқылды: 50

Алғабасқа инвестор келмекші

Terekti Algabaska investor kelmekshi  «Алғабас ауылына инвестор келіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, су, жол мәселесін шешуге мүмкіндік пайда болады» деген хабарды Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаевтың есебіне жиналған долиндік тұрғындар жылы қабылдады.


  Сонымен қатар жиында ұзақ жылдар бойы ауыл тұрғындарының бас ауыртар проблемасына айналған көгілдір газ тарту мәселесі көтерілді. Тұрғындар сауалына жауап берген аудан басшысы газ қосу мәселесінің шешілуі алдағы 1-2 жылдың еншісінде екендігін айтты.

  Ауыл тұрғындарын толғандырған тағы бір өзекті мәселе - жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген Чапаев орта мектебінің қазіргі мүшкіл жай-күйі де айтылды. Тұрғындар атынан пікір білдірген аудандық мәслихат депутаты В.Галкин және ардагер ұстаз А.Мазур Қоныссай мектебін жөндеу қажеттігі, Төңкеріс елді мекенінде медициналық қызметкердің жоқтығы турасында ой қозғады.

  Жиналғандар аудан әкімі М.Мұқаев пен Долин ауылдық округі әкімі Б.Митановтың есебіне жақсы деген баға берді.

  Шараға қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлім басшылары тұрғындарды қабылдап, мазалап жүрген сауалдарына татымды жауап бере білді.

  Жиын соңында тұрғындар арасында өткізілген байқаудың қорытындысы шығарылып, үйін жаңажылдық мерекеге сай әдемі етіп безендірген А.Башкировқа алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале