11.09.2022, 18:38
Оқылды: 48

Алғабаста әкім сайлауы

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” атты қағиданың орындалуы негізінде жүзеге асырылған сайлауда Алғабас ауылдық округінде халық өз таңдауын жасауда.

image-11-09-22-03-29-2

Алғабастағы​ ​ #316 сайлау учаскесінде 789 адамға,​ Жаңаөңір елді мекенінде #317 сайлау учаскесінде 54 тұрғынға, Ақырап елді мекенінде 63 адамға сайлау бюллетендері әзірленген.

image-11-09-22-03-29-5

Таңғы сағат 7.00-де қос учаскеде еліміздің әнұраны шырқалып, комиссия мүшелері бекітілді.

Түске дейінгі ақпарат бойынша Алғабас ауылдық округінде тұрғындардың 25-30% тұрғын өз дауысын берсе, 11 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс береді. Сайлауда алғаш рет өз таңдауын жасағалы тұрған 3 алғабастық бар екенін де тілге тиек ету керек.

image-11-09-22-03-29-4

Ал, Жаңаөңір елді-мекенінде түске дейін 34 тұрғын дауыс берсе, Ақырапта 41 адам өз таңдауын жасап үлгерген 

- Халық дұрыс шешім қабылдап, лайық деп таныған кандидатқа дауыс береді, ал сайлау нәтижесінде қай үміткер әкім болса да, елге жанашырлықпен қызмет атқаратын әкім болса екен, - дейді алғабастық зейнеткер Мәрия Пұсырманова.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале