Сырым ауданына қарасты Тоғанас ауылындағы №319 сайлау учаскесінде 18 жасар Айзар Еркеғұлова алғаш рет сайлаушы атанып, дауыс берді.

- Ата-бабамыз “Жас келсе – іске” дегендей, болашақ біздің, яғни жастардың қолында. Қай үміткер жеңіске жетсе де сәттілік тілей отыра, сайлау әділ өтсін дегім келеді, - дейді Айзар Елемесқызы.

Жас сайлаушыға комиссия төрағасы Батырбек Жайғалиұлы естелік сыйлық табыстады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz