2.09.2021, 9:36
Оқылды: 86

Алғашқы қоңырау соғылды

Кеше барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алды. Казталов мектеп-лицейінде сыңғырлаған қоңырау соғылды. Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді. Оқушылардың алтын ұясына деген сағыныштары бал-бұл жанған жүздерінен-ақ байқауға болады.

1

Салтанатты жиында мектеп директоры Нұрлан Хайрушев: «Жүректері лүпіл қағып тұрған бүлдіршіндер мектепке алғаш қадам басуларыңмен! Жайдарлы жаздан бір сәт демалып, ерекше тебіреніс пен білім жолына жүргелі тұрсыздар. Сапалы білім мен саналы тәрбиені бойларына дарытып, зор жетістіктерге қол жеткізгейсіздер», - деп «Әліппемен» қауышқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

000

1-сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Әсем әннен кейінгі соғылған алғашқы қоңырау ашық аспанға әуеледі.

 

Мәриям Рахим,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале