Кеше Қаратөбе ауданы орталығында алғашқы сенбілік өткізілді. Сенбілікке аудан орталығынан 224 адам, Шөптікөл ауылынан 59 адам қатысты. Өткен жылы пайдалануға берілген 67 үй мен Бекімов көшелері тазаланды.

Темір ауылының көшелерін тазалауда аудан әкімді аппаратының қызметкерлері біраз жұмыстарды атқарды. Өткен жылдан қар астында қалған арамшөптерді жұлып тазартып, өртеді. Бір өкініштісі, осы тазалық жұмыстарына көше тұрғындарының бірі шықпады. Ауылдың тазалығы - баршаға ортақ іс. Сондықтан көше тұрғындары да шығуы тиіс еді. Әркім өзінің тұрғын үйінің аналасын таза ұстауға тиіс.
Аудан орталығындаңы күл-қоқыстарды шығару бойынша ауыл әкімімен хабарласқанымызда күл-қоқыстарды шығару сәуір айының басынан басталады деген еді. Қоқыс таситын көліктер ұйымдастырылса игі. Кезінде « жастар саябағы» деп аталған кіреберістегі саябақты жөндеу жұмыстары күні бүгінге дейін атқарылмай келеді. Жақсы, тал- теректерді отырғызамыз, жасыратыны жоқ, бірақ оны күтіп бағу жағы ескерілмей келеді. Ол саябақтың қай мекеменің балансысында екені әлі күнге дейін белгісіз. Бұл көгалдандыру жұмыстарының бәрі кезінде ауданға басшылық жасаған Тілекқабыл Бөлеев пен Нәжімедден Сапарғалиевтің еңбектері екендігі баршаға белгілі. Ол кезде отырғызылған әр терекке күтім көрсетілетін. Әзірге тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Ерболат Райысов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz