8.02.2022, 10:20
Оқылды: 50

Алғашқы шәкірттер, алғашқы жеңістер...

Кешегі жылдың аяғында Аралтөбе ауылында «Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі үйірмесі ашылғанын жазған едік. Белгілі атбегі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің түлегі, жас маман Айгерім Гумарова балғын балуандарды тәрбиелеу ісіне жанымен кіріскенге ұқсайды. Себебі, алғашқы шәкірттер алғашқы жеңістеріне жете бастады.

FB_IMG_1644296352629

Мәселен, Орал қаласында дзю-до күресінен 2005 -2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Батыс Қазақстан облысының чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесі бойынша балуан қыз Бақнұра Молданияз жеңімпаз атанып, ел чемпионатына жолдама алды. Ал, Шағырлой ауылында белгілі жаттықтырушы Ержан Бисенғалиевтің 60 жылдығын орай өткен самбо турнирінде Айгерімнің шәкірті Иһлас Ербол бірінші рет бозкілемге шыққанына қарамастан, тыңғылықты дайындық, шебер күрес көрсетіп, 25 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.

FB_IMG_1644296342597

Қара термен суарылған еңбектің гүлі бүршік жармай қоймайды. Жаттықтырушы Айгерімнің ісіне табыс тіледік.

«Сырым елі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале