28.02.2020, 17:53
Оқылды: 35

Қаратөбеліктер Алғыс айту күнін атап өтті

Бүгін Қаратөбеде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Аудандық мәдени-демалыс орталығында ұйымдастырылған шара «Шын жүректен алғыс айтамын» деп аталды.

Мерекелік салтанат өткен ғасырда қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған жүздеген этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын аша түсуге арналды.

algys karatobe (4)

Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған аудан әкімі Жанат Асантаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.

algys karatobe (2)

– Алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы болмақ. 1 наурыз – бұл ең алдымен ризашылық пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне ортақ сый-құрмет көрсететін күні. Сонау қиын-қыстау кезеңдерде өзге ұлт пен ұлыстарға қазақ халқы өзінің төрінен орын берді, азық-түлігімен бөлісті. Бұл – ұлтымызға тән мейірімділік пен қамқорлықтың белгісі. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтаймын. Халқымызды бір шаңырақ астына біріктіретін татулық мерекесімен құттықтаймын, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

algys karatobe (1)

Жиында татар ұлтының өкілі Ранида Адиятова сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан қазақ халқына алғысын білдірді.

Шара барысында ауданымызда тұратын бірқатар ұлт өкілдерінің тілек-ниеттері топтастырылған «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнежолдауы жұртшылық назарына ұсынылды.

Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале