2.03.2026, 12:30
Оқылды: 12

Алғыс айту күні шыңғырлаулық ардагерлерге құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Алғыс айту күніне орай бірқатар сала ардагерлерінің шаңырағына барып, құрмет көрсетті.

image-02-03-26-09-52-3

Мереке күні аудан басшысы еңбек ардагері Жантасов Темірғали, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Пятин, денсаулық сақтау саласының ардагері Қарабаева Қарлыға және білім саласының ардагері Дүйсенғалиева Кларамен жүздесіп, мерекемен құттықтады.

image-02-03-26-09-52-1

Кездесу барысында аудан әкімі олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті. Көп жылғы адал еңбегі мен қоғам игілігі жолындағы қызметі үшін алғыс білдіріп, ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбастарына амандық тіледі.

 

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

image-02-03-26-09-52-2 image-02-03-26-09-52

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале