27.02.2026, 17:30
Оқылды: 12

Алғыс айту күніне орай Шыңғырлау ауданындағы коммуналдық сала қызметкерлеріне  құрмет көрсетілді

Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев халыққа қызмет көрсетіп отырған коммуналдық мекемелер ұжымдарымен кездесіп, аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді.

image-27-02-26-04-05-4

Мерекелік кездесуде аудан басшысы ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарының жұмысына ерекше тоқталды. Шындығында тәулікпен санаспай, кез келген ауа райында қызмет атқарып жүрген коммуналдық мекеме қызметкерлерінің еңбегі зор құрметке лайық.

— «Алғыс айту күні ел бірлігін арттырып, еңбегімен елге қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсететін маңызды мереке. Уақытпен санаспай, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп жатқан коммуналдық мекеме ұжымдары шынайы алғысқа лайық. Аудан тұрғындары атынан баршаңызға шексіз ризашылығымды білдіремін», – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында сала ардагерлері мен жас мамандарға жылы лебіздер айтылып, олардың қоғамдағы рөлі ерекше екені атап өтілді. Әсіресе, тәулік бойы қызмет көрсететін мамандардың жауапкершілігі мен кәсібилігі жоғары бағаланды.

image-27-02-26-04-05-1

Өз кезегінде коммуналдық мекеме қызметкерлері көрсетілген құрмет пен сенім үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да халық игілігі жолында аянбай еңбек ете беретіндерін жеткізді.Жедел жәрдем фельдшері Әйгерім Саматқызы көрсетілген құрмет пен алғыс үшін ризашылығын жеткізді.

— «Біздің еңбегімізді бағалап, арнайы келіп қолдау білдіргендеріңіз біз үшін үлкен мәртебе. Халықтың денсаулығы жолында аянбай еңбек ете береміз», – деді.

Алғыс айту күні аясындағы бұл кездесу ел бірлігі мен өзара құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

 

Светлана Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале