21.07.2023, 15:00
Оқылды: 30

Алғыс арқалағандар

Тіршілік көзі судың, әсіресе, ауыз судың адам баласының өмірі үшін маңызы өте зор. Осы бағытта тер төгіп жүрген мамандар таяуда өздерінің кәсіби мейрамын атап өтті.

IMG-20230721-WA0048

Соған орай Бәйтерек ауданының Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров осында орналасқан «Қазсушар» РМК БҚФ Камен өндірістік учаскесінде болып, аудан басшылығының және өзінің атынан алғыс хаттар табыс етті.

IMG-20230721-WA0045

Аталмыш кәсіпорын басшысы Сергей Сементев өздерін елеп, ескеріп жатқан атқарушы билік құрылымдарына ризашылығын білдірді.  Оның айтуынша, бұл мекеме 1979 жылы құрылған. Облыстың оңтүстік және бұрынғы Камен аудандарын ауыз сумен қамту мақсатында барлау жұмыстары жүргізілген кезде  су көзін осы маңнан тапқан. Камен топтық су тарату желісінің бір тармағы сол кезде Орал қаласының Зашаған, Круглоозерный кенттік округтарын, Зеленов ауданының Переметный бөлігі аумағын қамтыса, келесісі Чапаев, Казталов аудандарының ауылдарына жетті. Қазіргі таңда 18 елді мекенге осы жерден су барып тұр.

IMG-20230721-WA0044

Олар негізінен - Бәйтерек ауданы мен Орал қаласына қарасты ауылдар. Орта есеппен 25 мың адам осы суды тәулік бойы тұтынып отыр. Бүгінде Камен топтық су тарату желісінің жалпы ұзындағы 317 шақырымды құрайды. Мұнда қазір 121 адам еңбек етіп жатыр. Олардың көбі бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіби біліктілігі жоғары мамандар. Жалпы бұл ұжым алдағы уақытта да тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтуға қауқарлы.

 

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале