1.03.2023, 23:22
Оқылды: 45

Алғыс елдің бәріне

2016 жылы 14 қаңтарда 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде бұл күн айтулы мейрам болып аталып өтуде. Биылда дәстүрлі түрде Алғыс айту күні ерекше аталып өтті. Мереке Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен ауа-райының қолайсыздығына қарамай, аудан тазалығының сақталуын қадағалайтын аға-апаларымызға, өзге ұлт өкілдеріне ыстық шай мен тәттілер ұсынып, алғыс айтумен басталды.
image-01-03-23-09-15-2
Орталық алаңда аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Алғыс білдіру - ең асыл сөз” атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті.
image-01-03-23-09-15-4
Осынау мерекенің тарихи, саяси, тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған Ысқақ Күрпілдесов жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.
image-01-03-23-09-15-7
Сонымен қатар, орталық алаңда киіз үй құрылып, жиналған халық ұлттық тағамдардан дәм татты.
image-01-03-23-09-15
image-01-03-23-09-15-8
WhatsApp Image 2023-03-01 at 21.17.22
WhatsApp Image 2023-03-01 at 21.17.23
WhatsApp Image 2023-03-01 at 21.17.24
Қайсар спорт клубы және А.Шайхиев атындағы балалар жасөспірімдер мектебі мамандарының ұйымдастыруымен аударыспақ, арқан тартыс, алтыбақан сынды ұлттық ойындар өткізілді. Жиналған халық алғыс айту мерекесінің осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына дән риза болып тарқасты.
Айман Өтеғалиева,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале