25.05.2021, 20:34
Оқылды: 39

Алма ағаштары отырғызылды

Жуырда "Бақытты отбасы" жобасы аясында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Тасқала БПҰ-ның ұйымдастыруы және БҚО және аудандық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен көпбалалы Сұлтанғалиевтер отбасының бақшасына алма көшеттері егілді.

1DBBFD3C-98ED-4E02-98EE-14A623F475D2

 Аталмыш шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, Батыс Қазақстан облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсыновалар қатысты. Кездесу барысында жеміс-жидек екпелерін егуден   шеберлік сабағы өтті.

-Мұндай үлкен жанұямен көптен бері бірге жұмыстанудамыз. Өткен жылдан бері біздің кеңес тарапынан бұл шаңыраққа қолдау білдіріп келеміз. Сол қолдау арқылы бұған дейін ірі қара малдың екі төлін сатып алып, өз істерін бастаған болатын. Қазіргі таңда төлдер өсіп, нәтижесін көріп жатыр. Бұл - қуанарлық жағдай. Мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Аудан әкімдігі тарапынан бөлінген жер теліміне қоршау салынғанын да айта кеткен жөн. Міне, бүгін сол жерге жеміс ағаштары отырғызылып отыр. Тағы бір айтарым, бұл отбасы - еңбекқор. Өз қолдарымен егілген еңбектің жемісін көруге ынталы,- дейді облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова.

Иә, «еңбек етсең, емерсің» дегендей, әр адамның өмірі –еңбегімен құнды екені рас.

   Өз кезегінде осынау өрісі молайып келе жатқан отағасы М.Сұлтанғалиев сөз алып, қолдау білдіріп жатқандарға ризашылығын білдірді.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале