4.05.2020, 9:41
Оқылды: 50

Алма бағы жайқалатын болады

Казталов ауданының облыс бағытындағы шекара сызығынан бастау алатын Талдыапан ауылдық округінің тұрғындары жергілікті жерден тиімді кәсіпті меңгеруде көпке үлгі болуда. Олардың түрлі саладағы кәсіптері ауданымыздың экономикасын дамытуға мол септігін тигізіп келеді.

FBA5169F-911B-4629-B500-DF3EAD2B4300

Жақында өңірімізге кеңінен танылып, ауданымыздың меценаты атанған Нұрлыбай Жолдыбаев өзінің кең көлемдегі кәсібін жаңартып, алма өсіруді қолға алды. Қандай істі бастаса да, жеті өлшеп, бір кесетін дағдысымен алма бағын салған жерлесіміз жеміс ағашының көшеттерін ұқыпты отырғызған екен.

62D53B37-E5DB-4C17-B9BB-938BB046F3FB

-Қасиетті Ораза кезінде Алла сәтін салып, алма көшеттерін отырғызуды қолға алдым. Осы кәсіпті бір жолға қоюды көптен ойластырып жүрген едім. Міне, тәуекелге бел буып, кірісіп отырмын. Жоспарым ауқымды болғасын, қиындық-кедергілер де болмай тұрмайды. Дегенмен бастаған кәсібімнің нәтижесін көремін деген үміт менде басымдау. Бәріне де уақыт төреші. Күні бүгін алма ағашының сегіз түрлі сортынан екі жүз түп көшет отырғыздым. Отырғызған көшеттерімнің бәрі де бүршігін жарып тұр. Мақсатым орындалса, бұл жер болашақта жасыл-желекке айналады,- дейді Нұрлыбай Жолдыбаев әңгіме барысында.

Елі үшін тиімді кәсіпке қол созған іскер бауырымыздың мақсат-мүддесі бізге өте орынды көрінді.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале