26.09.2024, 11:30
Оқылды: 66

Алмалыға газ тартылып жатыр

Қазақстан ауылдық округіне қарасты Алмалы елді мекенінің тұрғындары жақын арада көгілдір отынға қол жеткізбек. Қазіргі таңда газ тарту жұмысы жүріп жатыр. Жақында жұмыс барысын өз көзімен көрмек болған аудан әкімі Талғат Шакиров аталмыш нысанға ат басын арнайы бұрды.

D00E0BDD-DF4C-4F7B-B70A-2B52573D6A87

Мұнда құбыр тарту жұмысы жалғасып жатыр. Оған аудан әкімдігі тарапынан қажетті техникалар тартылған. Ал ауылға газ тарту үшін оның жобалық сметалық құжатамасын жасауға тұрғындар өз қаражаттарымен көмектескен.

Газ құбырының құрылыс жобасы бойынша «Орал Град Проект» ЖШС жобалаушы мекеме болып танылды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінен техникалық шарт алынып, жұмыстар іске асырылып жатыр.

9F398A3F-9660-4DEC-BE8F-B988D5814F32

Сондай-ақ, газ құбырының құрылысына «ЭлитСтройМастер» ЖШС арқылы жер рәсімдеу жұмысы да жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына дейін жұмыстар толық аяқталып, тұрғындар көгілдір отынды пайдаланатын болады.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале