31.12.2024, 15:45
Оқылды: 71

Алмалылық қос отбасыға баспана берілді

Ақжайық ауданының Алмалы ауылындағы тұрғын үйге мұқтаж екі отбасы су жаңа баспананың иесі атанды. Жақсылыққа орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Мұрат Сердалин баспана иелерін құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.

DSC_0086

– Қай адам үшін де баспаналы болу маңызды. Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесін шешу жөнінде жергілікті мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берді. Осы тапсырмаға сәйкес, ауданда биыл ауқымды істер қолға алында. Баспанамен қамтамасыз ету ісінде басымдық, әрине, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ана, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар, өзге де әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға беріледі. Жыл басында Чапаев ауылындағы әрқайсысы 24 пәтерден қос тұрғын үйде жерлестеріміз қоныстойларын атап өтсе, 17 жерлесімізге бюджеттен қаржы бөліп, баспанамен қамтыдық. Содан кейін бірнеше елді мекенде 31 пәтерді пайдалануға бердік. Міне, бүгін кезек сіздерге де келді. Жаңа қонысқа ие болған отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! – деді аудан басшысы.

DSC_0065

Осында баспаналы болғандардың атынан Асхат Төлегенов сөз сөйлеп, риясыз алғысын арнады.

DSC_0031

Жиналғандар жаңа баспанада жайылған дастарханнан дәм татты.

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале