27.09.2021, 9:31
Оқылды: 46

Алматы марафонын да бағындырды

26 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрлі "Алматы марафоны" жарысы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, көпшіліктің жеңіл атлетикаға деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған еліміздегі ең мәртебелі бәсекеге бәйтеректік спортшы, бапкер Жарас Айтуаров та қатысты.

00

"Run time" жүгірушілер клубының арнайы шақыртуымен барған Жарас Мұқанұлы бәсекеде аталмыш клуб намысын қорғады. Экиден, яғни, марафон қашықтығын еңсеруге бағытталған командалық эстафета сайысында бақ сынаған жерлес желаяқ өз кезеңін үздіктер қатарында аяқтап, командасының екінші орынға тұрақтауына сүбелі үлес қосты.
- Биыл оныншы рет өткен спорт мерекесіне қатысудың өзі үлкен мәртебе. Ал біз екінші орын иелендік. Өз нәтижеме көңілім толады. Десе де дайындықты шыңдап, бұдан да биік белестерді бағындыруға ұмтылуым керек, - дейді желаяқ Жарас Айтуаров.
Жыл сайын ұйымдастырылатын "Алматы марафонынан" түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады.

Айта кетейік, бұған дейін Жарас Айтуаров Алматы жартылай марафонына қатысып, онда да жақсы нәтиже көрсеткен еді.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале