19.07.2021, 14:51
Оқылды: 131

Алматыдан бас жүлдемен оралды

Алматы қаласында өткен «Қазақстан таланттары» би конкурсында Бәйтерек ауданы Көшім ауылының үлгілі «НұрАй» би ансамблі де өнер көрсетті. Еліміздің әр аймағынан келген жүзге тарта би ансамбльдері бақ сынаған өнер додасы Гүлмира Алканова жетекшілік ететін көшімдік өнерпаздар үшін сәтті аяқталды.

IMG-20210718-WA0027

Бірнеше күнге созылған бишілер бәсекесінің қорытындысында «НұрАй» ансамблінің орта тобы бірінші орын иеленсе, жоғары топ бишілері гран-при иегерлері атанды.

-Елдегі жағдайға байланысты конкурста барлық сақтық шаралары қатаң сақталды. Әр бишінің ПТР сынамасы тексерілді. Сахнаға да әр би ұжымы бөлек шығып жатты. Тіпті марапаттаудың өзі санитарлық шаралардың қатаң сақталуымен өтті. Біраздан бері оффлайн байқау болмай кеткені ауыр тиіп еді. Осы жолғы сапар сәтті болды. Бишілерім де бұндай жетістікке жеткеніне қуанышты,- дейді ансамбль жетекшісі Г.Алканова.

Алдына үлкен мақсат қойған бишілер ұжымы әлі талай шыңды бағындырары сөзсіз.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале