24.11.2016, 12:05
Оқылды: 85

Алмаз ауылдық мектеп-балабақшасы күрделі жөндеуден өтті

%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%ba%d1%88%d0%b0 Қазақ елі Тәуелсіздіктің 25 жылында өсті, өркендеді, дамыды.

Тәуелсіздік түрлендірген ауылдың бірі - Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылы.

  Биыл Алмаз ауылдық мектеп-балабақшасы күрделі жөндеуден өтті. Өткен ғасырдың 1987 жылы іргесі қаланған мектеп ғимаратының биылғы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 121 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті.


  Жөндеу жұмыстарынан соң мектептің есік-терезелері жаңа заманғы түрлерімен ауыстырылып, бұған дейін болып көрмеген ыстық су, салқын су жүйелері орнатылып, әбден жаңартылды. Ал, жаңа сипатта жарқыраған сыныптарда сабақ оқу балалар үшін үлкен қуаныштың бірі болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале