24.09.2024, 9:00
Оқылды: 66

Алмаз ауылында спорт алаңы ашылды

Ауыл-аймақтарда салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары көбейіп келеді. Әрине, ол үшін барлық жағдай жасалып тұрса, деннің саулығын алға қойған дұрыс қой.

839CBEC2-90CF-4215-B14D-A21A973BFEAA

Жақында Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округінде Street workout алаңы ашылды.

Ашық аспан астында ашылған алаңға ауыл тұрғындары қызығушылық танытып, келе бастады.

Салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street workout қозғалыс құралдары арқылы алмаздықтар спортпен шұғылданып, таза ауада жаттығулар жасап жүр. Қазіргі күні «ауылдағы өмір бір қалыпты, сүреңсіз» дейтіндер табылып жатса, осы алмаздықтардан үлгі алуға болады. Ауыл жастары бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, спортты серік етіп жүр.

Назым Айқын

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале