9.07.2023, 23:34
Оқылды: 74

Алты түлегі «Алтын белгі» алған мектеп

Алпыс жылдық тарихы бар Макаров орта мектебінда алғашқы «Алтын белгі» иегерлері 2020 жылы шыққан. Ол кезде екі оқушы өз білімдерін дәлдеген еді.  2021-де бір «Алтын белгі», бір «Үздік аттестат» болса, биыл бірден алты «алтын» түлек пен «үздік аттестат» иегері үлкен өмірге қанат қағып отыр.

IMG-20230708-WA0085

-Бұл мектепте 2019 жылы келдім. Сөздің шыны керек, алғашқыда мұнда білім сапасы төмен болды. Түлектер арасынан «Алтын белгі» иегері шықпағаны жаныма қатты батты. Сондықтан білім сапасын ең басты назарда ұстадым. Оқуға қабілеті зор, болашағынан айтарлықтай үміт күттіретін шәкірттермен, ұстаздармен бірлесіп көп жұмыс жүргізуге тура келді. Озат оқушыларды педагогикалық кеңес және өзге де жиын, іс-шараларды біздің «Алтын қорымыз» деп үнемі екпін түсіріп айтып, оларды да, мұғалімдерін де қанаттандырып отыруға тырыстық. Құдайға шүкір, ол еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз. Бүгінгі таңда мектебіміздегі білім сапасы 57 пайызға жетті,  - дейді мектеп директоры Роза Есқалиева.

IMG-20230706-WA0077 (1)

Биыл 11-сыныпты 19 оқушы аяқтаса, соның үштен бері маңдайлары жарқырап, тең құрбысының алды болды. ҰБТ-да ең жоғары балл Диляра Өтегеноваға тиесілі. Ол 140 баллдың 120-сын жинаған. Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің екі шет тілі мамандығы бойынша оқуға түсуді көздеп отырған Диляраға да және өзге де түлектерге сәттілік тілейміз.

Биылғы түлектердің сынып жетекшісі Баянсұлу Дүсенғалиеваның айтуынша, шәкірттері оның бақытын еселеп отыр. Өз жетекшілік еткен алғашқы сыныбым болғандықтан олардың орыны бөлек. Оқушыларына мектеп тарапынан үлкен сенім артылды. Олар үмітті ақтады. Шәкірттердің осындай жетістікке жетуі бұл жылдың ісі емес, мұның астарында ұйқысыз түндер мен күлкісіз өткен күндер тұр. Оқушылардың осынау сындарды сәттен сүрінбей өтуі алдағы уақытта олардың алдынан кездесетін түрлі қиындықты жеңуге де септігін тигізері анық.

Мектеп түлектері тек білім бәсекесінде емес, өзге сайыстарда мықты екендерін дәлдеген. Мәселен, «Алтын белгі» иегері атанған Зүлфия Рүстемова аудандық «Жас сарбаз» әскери-спорттық көпсайысында 1-орын иегері атанды. Жалпы 2022-2023 оқу жылында оқушылары спорттық сайыстарда жақсы өнер көрсетті. Мәселен, Орал қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер өткен облыстық ашық турнирде Юрий Скрипак 1-орын, Максим Карман 3-орын алды.

IMG-20230707-WA0014

Айта кетейік, аяқталған оқу жылын аталмыш білім ұясы 189 оқушымен бастап, 200 шәкіртпен аяқтады. Оқушылардың төрттен бірі Садовый, Петров, Мирный, Подхоз, Ведрух сынды бес елді мекеннен тасымалданып оқытылды. 46 мұғалім қызмет ететін мектептің болашақта жетістігі көп боларына сенім мол.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале