24.12.2021, 11:30
Оқылды: 49

“Алтын алқа” иелері құрметтелді

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер де алдымен анадан тарайды. Көп балалы аналардың еңбегін бағалау және ерекше атап өту үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері деп ерекшелеп келеді.

20

Қай кезде де көп балалы аналарға қамқорлық көрсетіліп, қолдаулар аясы күннен күнге кеңеюде. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында Ақбұлақ ауылдық округінде тұрып жатқан  “Алтын алқа” иегерлерін Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Байтенова құттықтап, үйлеріне тақтайша орнатуға ықпал етті. «Алтын алқа» иегерлері өмірдің белестеріне мойымай, қарапайымдығынан айнымай өмірін ізгілікке арнаған жандар. Осы ретте, «Қарапайымдылық – тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі де дүние» деген тәмсілдің мәні зор. “Иә, өмірін бала тәрбиесіне арнап, мәңгілік елдің ұрпақтарын тәрбиелеуде атсалысып келе жатқан аналарды қалай құрметтесекте жарасады”-деп атап өтті ауыл әкімі С.Байтенова.

21
Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөзі мәңгі ұранымыз болуға тиіс.

Г. Шынтас,

Шығырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале