4.11.2025, 11:15
Оқылды: 153

Алтын алқа табысталды

Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров көпбалалы ананы қабылдап, «Алтын алқаны» табыстады. Қабылдауға Тасқала ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл қатысты. 

Алтын алқа фото (1)

Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы Талғат Асқарұлы «Жанұядағы тәрбиенің жақсы жетістіктері ата-ананың арқасы. Саналы  ұрпақ тәрбиелеудің өзі үлкен міндет. Жалпы халықтың демографиясын көтеруге атсалысқан өзіңіздей аналарды кейінгі жастарға үлгі етуіміз керек. Балалардың білімі, отбасының амандығы мен тұтастығы аналарымыздың зор еңбегі мен мейірімділігінің арқасында келеді. Отбасы ғана емес, еліміздің жарқын болашағы да аналарымыздың қолында табысты дамудың кепілі болып табылады.Сіздің еңбегіңіз, маңызды және құрметті еңбек.Отбасыңызда тек жақсылық болсын, - деген ол жеті баланы өмірге әкелген алтын құрсақты ана  Жазира Бекешоваға «Алтын алқамен» оның кітапшасын салтанатты түрде табыс етті.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале