19.06.2025, 17:45
Оқылды: 292

Алтын белгі – білімнің биік бағасы

Шыңғырлау ауданында мектеп бітіруші түлектер үшін толқу мен қуанышқа толы сәттер орын алуда. Биылғы оқу жылын сәтті аяқтаған ауданымыздың 6 түлегі «Алтын белгі» иегері атанып, өздерінің үздік білімін дәлелдеді.

Изображение WhatsApp 2025-06-18 в 12.49.09_af7ec612

Салтанатты рәсімге аудан әкімі М.Өмірәлиев қатысып, түлектерді жүрекжарды құттықтады. Ол өз сөзінде:

- Бүгінгі "Алтын белгі" иегерлері Сіздердің жетістіктеріңіз тек өз еңбектеріңіздің ғана емес, ата-ана мен ұстаздың да зор қолдауының нәтижесі – дей келе, түлектерге сәттілік тіледі.

Шара барысында үздік шәкірттердің ата-аналарына да алғыс хаттар табысталды. Бұл – ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбектерінің шынайы бағалануы.Салтанатты сәт – жас түлектердің есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Жас талапкерлерге жарқын болашақ, ал ата-аналар мен ұстаздарға алғыс пен ризашылық тілейміз

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале