10.06.2021, 9:44
Оқылды: 148

«Алтын орда – Үш қиян»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Бөкей орданың 220 жылдығы аясында «Маңғыстау мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған  «Алтын Орда –Үш қиян» тарихи-танымдық автоэкспедиция Ақжайыққа табан тіреді.

C9AEDADE-E9E3-47DB-BB93-F72F41AFBC0C

Автоэкспедиция мүшелерін Жұбан орталығында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев, ақын, еңбек ардагері Сағынтай Бисенғалиев және орталық қызметкерлері қарсы алды. Ел тарихын жинақтаған сапаршылармен кездесуге мектеп оқушылары, еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары келді. Жылы жүздесу барысында топ жетекшісі, белгілі ақын Светқали Нұржан сапар мақсатына тоқталды.

– Біз  362 әулиелі, қасиетті Маңғыстаудың төрінен жолға шықтық. Атыраудағы он екі ханның мәңгілік мекені – Сарайшық қаласының орнында болып, Махамбеттің мазарына тәу еттік. Қамыс Самар елі арқылы Хан ордасына барып, ондағы тарихи орындарды араладық. Міне, бүгін Жұбан еліне келіп жатырмыз», – деді ол өз сөзінде. Ақын Сағынтай Бисенғалиев туған жердің тарихын салмақтар Ақжайықтағы іргелі жұмыстар жайында айтып, «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» бағдарламасына толығырақ тоқталды. Осы экспедиция аясында талай тарихи тұлғалар мен батырлардың құлпытасы табылды, Мәулімберді, Есімхан, Науша, Байбарақ сынды тарихта орны зор азаматтардың есімі қайта жаңғырды.

Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Т.Ғабдушев меймандарға алғыс айтып, оң сапар тіледі. Енді экспедиция мүшелері Сырым ауданы арқылы Ақтөбе облысына, Қобда жағалауларын бағытқа алды.

Асыл Қайрат,

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек Ихсан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале