Бүгін Теректі ауданына қарасты Богданов ауылдық мәдениет үйінде аудандық «Алтын шуақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Серік Ашықбаевтың бастамасымен жиналыс өтті.
Жиналысқа аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әлия Серікқалиқызы, аудандық емханадан дәрігер Гүлжихан Жәрдемқызы және Богданов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Наталья Николаевна қатысты.
Жиналысқа келген тұрғындар мұң-мұқтаждарын айтып, талап-тілектерін білдірді. Мәселен, екінші топ мүгедегі Марат Құрмашев жүрегіне ота жасатқаннан соң ішуі тиіс дәрілерді таппай жүргендігін, Василий Гончар ауруды басатын дәрінің жетіспеушілігін жеткізді. Аудан түгілі, қаладан да таба алмай жүр.
Сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған Александра Чувилева аудандағы «кардиолог маман кезегіне кіре алмай, сағаттап күтіп жүрмін» дейді. Тұрғындардың шағымын тыңдаған аудандық емхананың дәрігері Г.Хабулова көмектесетінін айтты.
Жүздесу барысында сөз алған С.Ашықбаев сұрақтардың жауапсыз қалмайтындығын білдірді.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz