Бүгін Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов мектепті үздік аяқтаған түлектерді қабылдады.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, биыл Сырым ауданы бойынша 208 оқушы 11 сыныптық бағдарламаны аяқтаса, соның 11-і білім сапасының «Алтын белгісіне ие болса, 17 түлек «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.
Таныстыратын болсақ, Алғабастағы М.Қаналиев атындағы мектептен екі бірдей «Алтын белгі» иегері шығып отыр. Олар – Амина Амангелдина Алина Төлеуішова.

Ауылдардағы білім сапасының жоғары екенін, Жосалыдағы А. Жұмағалиев атындағы мектептен Хиуаз Жаңаталаптың, Жырақұдық орта мектебінен Ақбота Қайырлының Қособа мектебінен Аяулым Әділжанова мен Ләйла Қанапияның түлектерге арман болған төсбелгіге ие болғанынан көруге болады.
Биыл Қ. Мырзалиев атындағы мектептің атын Нұрсұлу Біранова асқақтатты.
Ал, бүгін Сырым мектеп - лицейі үшін шын мәнінде аспаннан “алтын жауған” күн болды. Лицей түлектері Ерхан Сағындықов, Арнұр Есқаир Арнұр, Айкөркем Рақымғали
және Мирас Мұхамбетжан өмір сапарына өңірлеріне “Алтын белгі” тағып аттанбақ.
“Үздік аттестат” та - аз еңбек емес.
Қызыл мұқабалы құжат алғандар:
Сапарғали Гүлхан (Талдыбұлақ МББК)
Есенгелді Альбина (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Халиолла Алтынай (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Кеңес Алижан (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Нұрмұханбет Алтынай (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Нұрмұханбет Аймекен (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Серіков Нұрайдар (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Амангелдина Айдана (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Серік Гүлім (Қ.Мырзалиев ат. ОМ)
Хайыржанов Жанарбек (Бұлдырты ОМ)
.Белалова Альбина (М.Қаналиев ат. МББК
Халидуллина Аида (М.Қаналиев ат. МББК.)
Қазбек Жанна (Ж.Досмұхамедов ат. МББК.)
Нұрболатқызы Мархабат –(Ж.Досмұхамедов ат. МББК)
Сайлау Ақерке (Ж.Досмұхамедов ат. МББК)
Андирова Айшабиби (Қособа МББК)
Мақсот Жарқынай (Мектеп-лицей)
Түлектерді өмірдегі алғашқы жеңістерімен құттықтаған Қайрат Нұржанұлы оларға ақ жол тіледі.
Санаулы күннен кейін тағы бір сын - білім грантының бәйгесі тұр. Көз майын тауысып оқыған, ізденген еңбектерің алдарыңнан шықсын! Қалаған оқуларыңа қабылданып, мықты маманға айналып, туған жерлеріңе оралыңдар! - деді әкім орынбасары.

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залындағы салтанатты шараға ұстаздар мен ата - аналар қатысты. Олар түлектерді қызыл кілеммен қарсы алды.
Ауданның білім сапасын жаңа сатыға шығарған “Алтын белгі” және “Үздік аттестат” иегерлеріне Сырым ауданы әкімінің құттықтау хаты мен арнайы сыйлығы табыс етілді.
Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыл арнайы сөз сөйледі.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы