12.01.2024, 16:15
Оқылды: 14

Аманат орындалуда

«AMANAT» партиясының аудандық филиалында 2108 партия  мүшесі, 19 бастауыш партия ұйымы бар. Партия қатарына былтыр 114 адам қабылданды. Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның бес отырысы өткізілді. Онда жұмыс жоспарлары бекітіліп, сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.

IMG-20240102-WA0034

- «AMANAT» партиясы – Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Оның басты міндеті – Президентіміздің реформаларын іске асыруға қолдау көрсету үшін азаматтарды біріктіру. Партияның аудандық филиалының мүшелері де елдегі тұрақтылықты сақтауға, әділдікті қолдауға, әр отбасының әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай өз үлестерін қосуда. Елге берген уәдені орындау - біздің міндетіміз. Сайлауалды жұмыстарын жүргізу барысында депутаттыққа үміткер тұлғаларға 35 аманат келіп түсті. Сол аманаттар депутаттарға бекітіліп, орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Былтыр 23 аманат толық орындалып, қалған 12-сі қаралып, талқылануда,-деді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бибігүл Ахметжанова.

IMG-20240102-WA0026

Былтыр партияның аудандық филиалымен атқарылған атқарған жұмыс аз емес. Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан және Атамекен округі Қайнар ауылының тұрғындары тарапынан жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің қажеттілігі еді. Соған орай бұл мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасына енген еді. Соған сәйкес өткен жылы аталған екі ауылда жаңа ФАП ғимараттары пайдалануға берілді. Сұлукөл мен Байқоныс ауылдық округінің Володар ауылы тұрғындарының да аманаттары ескеріліп - спорттық және балалар ойын алаңдары салынды.

IMG-20240102-WA0025

Былтыр аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттары 66 қабылдау өткізді. Осы қабылдаулардағы 73 өтініштің жартысы оң шешім тауып, қалғандары бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, тиісті мекеме басшыларына жолданды.

IMG-20240102-WA0040

Аудандық филиал жанындағы партиялық  бақылау комиссиясының мүшелері ауданда  жүріп жатқан құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының жүйелі жүзеге асырылуын үнемі бақылауда ұстайды. Аудан бойынша былтыр Жалын, Жайық, Садовый, Өркен ауылдарында жаңа мектептер салынғаны және Чувашиндегі білім ұясы күрделі жөндеуден өткені белгілі. Раздольныйдағы орта мектеп әлі күрделі жөндеуден өтуде. Жоғарыда аталған нысандардың құрылысын қадағалау үшін 9 партиялық бақылау бекеті құрылып, ол былтыр жұмысын ойдағыдай атқарып шықты.

«Жер аманаты» комиссиясының ықпалымен 2022 жылы ауданында жалпы көлемі 598 гектар, былтыр 7090 гектарды құрайтын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында несие алып отыр. 100-ден астам бейтеректік жеңілдетілген несие алып, 240 бас асыл тұқымды, 342 бас тауарлы ірі қара малының аналығын, 23 бас ұсақ мал, 4,500 бас құс және 7 шағын кәсіпке құрылғы сатып алды.

Бастауыш партия ұйымдарын қаржыландыруға арналған нысаналы трансферт қаражаты есебінен партияның  бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», және жаңадан іске қосылған «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам», «Жастарға жұмыс» сияқты жобалар жүйелі түрде жүзеге асуда. Соған орай былтыр 200-ге жуық азаматқа қолдау көрсетіліп, «Қарыссыз қоғам» жобасы бойынша 657 адамға сертификат табысталған.

IMG-20240102-WA0035

«Аманаттықтардың» сөзіне қарғанда, оларды биыл да үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жаңа жобалар, тың бастамалар халық игілігіне жарауы үшін белсенді жұмыстар жалғасын табады. «Партияластарды ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырамыз»,- дейді Бибігүл Меңдіғалиқызы.

Нұрсәуле Жәнібекқызы, 

Бәйтерек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале