22.08.2025, 17:45
Оқылды: 258

«AMANAT» партия филиалының жаңа атқарушы хатшысы таныстырылды

Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремуратовтың қатысуымен Жаңақала аудандық филиалының актив отырысы өтті.
image-22-08-25-04-45
Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудандық мәслихат депутаттары, партияның саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен ардагерлер қатысты.
Күн тәртібінде аудандық партия филиалының атқарушы хатшысын тағайындау және алда тұрған негізгі міндеттер қаралды. Кенжәлі Жанғалиұлы «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің бұйрығымен атқарушы хатшы лауазымына тағайындалған Гүлбану  Дағарованы таныстырып, 2008 жылдан бері партия жүйесінде қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі маман екенін атап өтті.
Жиын барысында сөз алған қатысушылар жаңа атқарушы хатшыға сенім білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Актив отырысында сөз алған Гүлбану Сәрсенғалиқызы өзіне артылған жауапкершілікті терең сезінетінін жеткізіп: – Облыс басшылығы маған үлкен сенім білдірген соң қарсы болған жоқпын. Ендігі мақсат – партияның сайлауалды бағдарламасын орындауға бар күшімді салу.
image-22-08-25-04-45-1
Бұл бағыттағы жұмыс тек тікелей бізге ғана емес, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, саяси кеңес мүшелерімен және ардагерлермен бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі болады. Сол себепті бірлесе жұмыс істеуге ниеттімін, – деді ол.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале