Жуырда «AMANAT» партиясының актив отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Дархан Закарин төрағалық етті.
Басқосуға саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымы төрағалары қатысты. Активтің күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының міндеттері жөнінде мәселе қаралды.
«AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Дархан Закарин баяндама жасап, Жолдауда айтылған бірқатар мәселелер бойынша топталып, өз ойын ортаға салды. Кейін аудандық мәслихат депутаты Оразкүл Көбесова Жолдауда айтылған бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын бәсекеге сәйкес мамандармен қамтамасыз етіп, конкурстық бәсекелестікпен қайта жаңғыртудың оң нәтиже беретіндігін айтып өтті. Саяси кеңес мүшесі Қобыланды Сапиуллин жастарды қолдау, мәдениет, спорт саласын дамыту мақсатында шағын футбол алаңы қажет екенін тілге тиек етті. Аудандық мәслихат депутаты Руслан Оразалиев халықпен етене араласып, сенімін ақтап, жұмыла жұмыстану қажеттігін айтты.
Рухолла Саматов Парламент мүшелерінің азаятындығы оң бастамаға апаратынын жеткізді. Жиын соңында аудан басшысы Дархан Әмірханұлы Жолдау жөнінде жеке пікірін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салып, партия мүшелерін бірігіп жұмыстануға шақырды.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz