17.05.2024, 21:00
Оқылды: 28

«AMANAT» партиясының фракциясы жиналысының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиеваның төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракциясы жиналысының отырысы өтті.

IMG_9638 (1)

Фракция жұмысына облыстық мәслихат депутаты Нұртай Жұмашев, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі Асылхан Нұрмұханов, Тасқала аудандық мәслихатының депутаттары, партия фракциясының мүшелері қатысты.

Фракция отырысының күн тәртібіне сай Тасқала ауданы бойынша сумен, электр жарығымен, газбен және жылумен жабдықтау объектілеріндегі жағдай туралы аудандық ТҮКШ бөлімінің тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі баяндама жасады. Баяндамасында маман тұрғындардың ауыз су жүйесімен қамтылуы, табиғи газбен қамту саласы, электр жарығымен қамту мәселесі, аудан бойынша жылыту маусымының қорытындысы және келесі жылыту маусымына дайындығы жөнінде ақпарат берді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе толығымен талқыланып, баяндамашыға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойлып, тиісті жауаптар берілді.

Жиын соңында фракция мүшелері жылыту маусымына дайындық жұмысы аясында аудан тұрғындарының үйлеріне рейд жүргізіліп, қорытындысы бойынша ақпарат берілуін, жылыту маусымына дейін газ құбырларын сырлау жұмысының жүргізілуін, осы шешімнің орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебін келесі отырыста тыңдалуы және осы шешімнің орындалуын бақылау «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы фракциясына жүктелсін деген шешім қабылдады.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале