13.12.2021, 9:40
Оқылды: 80

«Аманат» пьесасы назарға ұсынылды

Кеше Жәнібек аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, режиссер Мұхамбетжан Ғұмаровтың 110 жылдығына орай  аудандық халық театры Нартай Сауданбекұлының «Аманат» атты пьесасын қойды.

3

Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, қоғам қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған алаш зиялыларының рухына бағышталған қойылымды ауданның жас режиссері Жайнагүл Хамматова назарға ұсынды. Оның айтуынша, аталмыш пьеса 2015 жылы жазылған.

5

-Бұл пьесаның негізгі атауы — «Әлиханның аманаты». Ол ешқайда жарияланбаған. Бір газетке берген сұхбатында Нартай Сауданбекұлы өзінің жазған пьесаларын басқа режиссерлер неге сұрап алып қоймайды екен деп реніш білдірген. Содан зиялылар туралы қандай пьеса екен деген сұрақ туындады. Пьесаның түпнұсқасын табалмағандықтан, Instagram қосымшасынан оның парақшасын тауып алып, аталмыш пьесаны сұрадым. Жазамын, жауап бермейді. Сөйтіп бір ай дегенде жауап қайтарып, пьесаның сценариін қуана-қуана жіберді. Сценарийді өзімізге қарай ыңғайластырып, уақытын азайтып, аудан тұрғындарының назарына ұсындық. Шыны керек, ауыр қойылым. Бұл пьесада автор не айтқысы келді? Бір сөзбен айтқанда қазақ жерін аманаттап отыр. Ә.Бөкейхан, қазақ зиялылары Тәуелсіздік алғанымызға бір табан жақындата түсті,-деді Жайнагүл Бейбітқызы.

2
Рөлдерді сомдаған Амангелді Насипов, Дамир Зинуллин, Райымбек, Нұрлыхан, Нұртілек Каримовтар, Өмірзақ Жармұқанбетов, Аслан Есенов, Мейрам Бисенғалиев, Мейрамбек Шайдуллин, Жандос Темірғалиев және Рүстем Қойбағаров сынды жас әртістер көрерменнің көңілінен шықты.

1
Қойылымнан көрермен қандай әсер алғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көздеріне еріксіз жас алған көрермен Тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін түсінгендей. Пьеса біткен соң, қойылымды шебер сомдаған өнер майталмандарына көрермендер орындарынан тік тұрып, ұзақ уақыт қол соқты.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале