29.11.2025, 9:30
Оқылды: 485

Ән аламаны басталды

Бөкей ордасында бұрын-соңды болмаған «Нарын дауысы» атты  ерекше жобаның тұсауы кесілді. Бұл ән байқауының ерекшелігі сонда, үміткерлер әншілік оқу-тоқуы жоқ, мәдениет саласында жұмыс жасамайтын, бұған дейін ән байқауларына қатыспаған жандар болуы керек. Тігілген жүлде қоры да аз емес. Бас бәйгеге миллион теңге тігілген.

IMG-20251128-WA0092

Күні кеше жобаның бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

IMG-20251128-WA0114

Әр қатысушы терең талғамымен, тыңғылықты дайындығымен көрермен мен қазылар алқасының үдесінен шығуға барын салды. Кіл мықтының ішінен кімнің оза шығатынын анықтауда тартыс жоғары болды десек, артық айтқандық емес. Кәсіби музыкаға тікелей қатысы болмаса да, әншілік қабілетін жұрт алдында көрсетуге талпынған әр өнерпазға алғысымызды білдіреміз.

IMG-20251128-WA0093

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай саны аз болғандықтан, сайқындық Айзада Сәлімова, ұялылық Тілекші Бисенова, жәнібектік Айбол Серіков жарыс жолынан шығып қалды.

IMG-20251128-WA0124
Байқаудың екінші кезеңі 12 желтоқсанда басталады.

Арайлым Маратқызы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале