11.11.2022, 14:30
Оқылды: 43

Ән байқауының ашылу салтанаты өтті

Бүгін рухани орталықта Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Закария Сисенғалидың әсем әуенге айналған «Туған жер, құдыретіңнен айналайын!» атты аймақтық ән байқауының ашылу салтанаты өтті.

d2a918cd-42e0-4b50-8d3e-123a42ed3115

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, ақын, мәдениет саласының үздігі Закария Сисенғали, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Бауыржан Халиолла, композитор, мәдениет саласының үздігі Ерлан Сатыбаев, әнші Еркін Өтегенов қатысты. Сондай-ақ А.Нұрғалиқызы және З.Жүсіпқалиұлы байқаудың ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_3392

Ән байқауында өнер көрсететін талант иелері: Орал қаласынан Дана Жағыпарова, Рустам Хафизов, Ақжайық ауданынан Алтынбек Базаров, Атырау облысы, Индер ауданынан Мұратбек Жұмашев, Казталов ауданынан Абай Мақсатов және Жаңақала ауданынан Сәтжан Баязиев, Табылды Сағидоллаев, Миргүл Асанова, Жанболат Мұсағалиев, Камила Жексенғалиева, Сигватолла Ешкаев.

IMG_3395

Қатысушылар жеребе суырып, реттік нөмірін анықтады. Өнерпаздар таңдалған реттік нөмірі бойынша Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында өтетін аймақтық ән байқауында өнер көрсетіп, бақтарын сынайтын болады.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале