5.03.2022, 19:07
Оқылды: 25

Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы

Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін ерекше мерекенің бірі - Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Бұл - әлемдегі ең асыл жандардың ең жарқын мерекесі. Бір ғасырдан астам уақыт бойы осы мереке дүние жүзінің 80-нен астам елінде, сол секілді Қазақстанда да ерекше аталып келеді. Әйел – отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады.

ADB97A85-74CA-4ECD-9C82-BC7614E55861

«Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Осындайда Мемлекет басшысының: «Әйел шексіз құдірет иесі. Тарих тағылымында ең айтулы өзгерістердің барлығы әйелдердің қолымен немесе әйелдер үшін жасалады», - деген сөзі еске оралады. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

17FA28C3-3BA3-4B58-B1EB-8AA1D5428D61

Осы мерекеге орай бүгін Сырым аудандық мәдениет үйінде әйел қауымына арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, сонымен қатар бөлім, мекеме басшылары мен жасы үлкен әжелер, аналар, түрлі мекемелерде қызмет атқаратын әйелдер қауымы қатысты.

D37300AA-2C84-4FB6-81D5-4803A06F4D13

«Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» тақырыбында мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Алдымен аудан әкімі барша әйел жұртшылығын мерекемен құттықтады. Артынша түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматшаларға алғыс хат табыстады. Атап айтатын болсақ, облыс әкімінің алғысхатымен Сырым аудандық ауруханасының медбикесі Нұрлы Берікқызы, Аралтөбе орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Анесқызы, аудандық ветеринарлық зертхана меңгерушісі Айнұр Берікқызы марапатталса, аудан әкімінің алғыс хатымен Табиғат Орынбасарқызы, Жанаргуль Хабдуалиевна, Асель Болатқызы, Гулмира Ергенқызы, Айбала Утеубаевна, Үміт Меңдешқызы, Жанаргүл Мұратқызы, Бұрыш Халиуллақызы, Бахыт Балораққызы, Айгуркем Кажияхметовна, Заура Миндвайевна, Гулназ Махсотовна, Айкумис Давлетовна, Бибігүл Мағрашқызы, Маншук Макешовна, Гулзагида Серікқызы, Меруерт Жалғасбекқызы, Лиза Бақтығұлқызы, Зульфия Кадргалиевналар марапатталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Батырбек Болатқалиұлы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале