17.11.2022, 16:45
Оқылды: 46

Аналар алқа тақты

Өмірге ұрпақ әкеліп, оған саналы тәрбие беру ісінде аналардың орны бөлек. Бүгінгі таңда көп бала өсіріп, белсенді қоғам мүшесі етіп тәрбиелеген аналарға арнайы мәртебе беру туралы бастама да көтерілуде.

WhatsApp Image 2022-11-17 at 11.32.01(1)  Шынында да, әр перзентін өсірем деп түн ұйқысын төрт бөлген ғазиз жандарды қалай құрметтесек те жарасымды. Жуырда осы мақсатпен Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова көп балалы аналарды Қазақстан Республикасы Президентінің 17 қазан 2022 жылғы Жарлығы негізінде марапаттауға шақырды. Аудан әкімдігінде өткен салтанатты сәтте Ғалия Елеу «Алтын алқа», Жұмагүл Нұрғазиева мен Ақмарал Орынғалиева «Күміс алқаны» кеуделеріне тағып, мерейлері тасыды.

WhatsApp Image 2022-11-17 at 11.32.01(2)

Құрметті марапатты тапсырған аудан басшысы оларға ең алдымен мықты денсаулық тілеп, өсіріп-өндірген перзенттері еліміздің мақтан тұтар азаматтары болсын деген игі лебізін білдірді.

                                                                          Г.Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале