Көктем - Аналар айы. Иә, әдеттегідей наурыз айының 8-ін барша нәзікжандыларға арнасақ, былтырғы жылдан бері мамыр айының екінші жексенбісі Аналар күнімен толықтырылды. Көктемде Аналар үшін қос мереке, қос мейрам. Асыл аналарды жылдың 12 айында құрмет көрсетіп, ыстық ықыласымызды жаудырсақ та артық етпейді. Бастысы - көңіл түкпірінде жылы жүрек пен ыстық мейірімде, зор қолдау мен шынайы ниетте.

Осы ретте ауданымыздағы отбасын қолдау орталығы ерлермен иық тіресіп қоғамда жүрген және бірқатар перзентті өмірге әкелген аналардың басын қосты.
“Ана-өмір шуағы” деп аталатын рухани кездесу аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шакенайқызы, “Іскер әйелдер” қауымдастығының төрайымы Рамиля Сергейқызы және алтын құрсақты аналар қатысты.

Кездесу мақсаты-жанұя мен жұмысты қатар алып жүрген аналардың өмірлік тәжірибесін дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлін насихаттау, қоғам мен отбасы арасындағы байланысты насихаттау.

Рухани кездесуге бір топ аналар белсене қатысып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. Қазіргі уақытта балаларымызға деген мейірімділік пен қамқорлықтың маңызы атап өтті. Соның ішінде отбасында ана мен әкенің рөлі, балаларды жауапкершілікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау тақырыптары талқыланды.
Мәриям Рахым,
Казталов ауданы