Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков «Күміс алқа» иегерлерін қабылдады. ҚР Президентінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №451 Жарлығына сәйкес алты бала туып, тәрбиелеп отырған Маралдым Сапиева мен Жансая Хасановаға «Күміс алқа» алқасын табыстады.
«Ұрпақ тәрбиесінде ананың ролі ерекше. Бүгінгі ұрпақ — ұлт ертеңі. Әрдайым мерейлеріңіз үстем бола берсін, -дей келе Абат Шыныбеков халық санын арттыра түсуде үлес қосқан көп балалы аналардың отбасына амандық тіледі.
Аудан орталығында 1999 жылдан бері 1112 ана алтын және күміс алқа иегері атанған. Оның 551-і - «Алтын алқа» иегері болса, 634-і «Күміс алқа» таққан аналар.
Үміт Жәңгірова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz