20.04.2017, 18:19
Оқылды: 55

Аналарға алтын және күміс алқалар табысталды

????????????????????????????????????

   Жалпақталдық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің Жарлығымен бекітілген алқаларды округ әкімі Самиғолла Ақмурзин аналарды қабылдау кезінде табыс етті.

   Жеті бала туып тәрбиелегені үшін үй шаруасындағы ана Жеміс Қуанышқалиеваға «Алтын алқа» ұсынылса, алты бала туып тәрбиелегені үшін Айна Ділмағанбетова «Күміс алқаға» ие болды.


   -Ұрпақ тәрбиесінде ананың ролі ерекше. Бүгінгі ұрпақ — ұлт ертеңі. Көп балалы ана атану — үлкен абырой, үлкен дәреже. Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар Әрдайым мерейлеріңіз үстем бола берсін, — дей келе Самиғолла Сафиоллаұлы халық санын арттыра түсуде үлес қосқан Батыр аналардың отбасына амандық тіледі.

   Шараға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынболат Өтешқалиев, аналар ұйымының төрайымы Гүлнар Сапахова, аудандық мәслихат депутаты Надежда Нигимова аналарды құттықтап, жылы тілектерін білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале