4.03.2022, 11:15
Оқылды: 20

Аналарға құрмет көрсетілді

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Алаша» дәмханасында аудан орталығы мен ауылдық округтерден келген ерекше күтімдегі қыздар мен олардың аналарына арналып мерекелік дастархан жайылды.  Жылы лебіз, көтеріңкі көңіл-күй мен ән-биге толы шырайлы шараға кәсіпкерлер Аида Нұрмұханова, Алмагүл Жанғожиева, Жанат Жаужиева және «Алаша» дәмханасының иесі Тәттім Халықова  демеушілік етті.

IMG_6424

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева алғашқы сөзді алып, аналар мен қыздарды мерекелерімен құттықтап, ерекше күтімдегі балаларды тәрбиелеп отырған аналарды батырға теңеп, жандары нәзікболса да,  рухтары мықты екеніне екпін түсіре айтты.

IMG_6244

Шараны әлеуметтік қызметкер Айнұр Оразова жүргізді. Аналар ақ тілектің тиегін ағытып, құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған ұжымға алғыстарын жаудырды.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының шәкірттері Бағнұр Жанболатова,  Әбілмансур Қанат,  Әлихан Молданиязов, Саят Сәбитов, Кәусар Әлмұрат,  Наз Меңдіғали әдемі әндерімен басқосудың сәнін аша түсті. Ана мен бала махаббатын арттырар қызықты ойындар ойнатылды. Үрілген шар ішіне жасырылған балаларының өздеріне арнаған тілектерін оқыған аналар толқып, көздеріне жас алды.

IMG_6356

Шара соңында қонақтар «Анашым» әнін шырқап, оларға сыйлықтар ұсынылды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале